• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Өнер 03 Тамыз, 2023

Жас өнерпаздар жүлдесі

261 рет
көрсетілді

Грузияның Батуми қаласында Golden Fleece халық­аралық өнер фестивалі өтті. Шығармашылық додада Грузия және Украина елінің жас өнерпаздарымен бірге бақ сынаған атыраулық оқушылар бірінші жүлдені иеленді.

Мәселен, «Дәстүрлі ән» аталымында «Наркескен» домбырашылар ансамблі бі­рінші жүлдеге ие болды. Ал Бақдәулет Бисенбай, Ахмет Байтұрсын, Ақбота және Баян Байболат секілді домбырашылар үздік деп танылды.

«Біз Грузиядан кейін Zhul­dyz art­ Kazakhstan халықара- лық байқауына қа­тыс­тық. Бұл бай­қауда да сәтті өнер көрсет­тік, – дейді өнерлі балаларды дайындаған ұстазы Алтын Жұ­м­атина. – Мектебіміз­дің оқу­­шы­лары «Вокал», «Халық әні», «Домбыра» аталымын­да жүлделі орындарды иелен­ді. Эстра­далық ән орындауда бас жүлдені Назерке Манар­бек, Айзере Ғазизова, Манас Мақ­сат, Нұрмұхамед Досқали жеңіп алды. Жас әнші Арыстан Нығметолла мен «Ақсұңқар» халық ан­самблі беделді халық­ара­лық байқаудың жеңімпа­зы атанды. Сондай-ақ қазылар алқасы Айару Тұр­сынғали мен Әмина Владимир құрған «Алтын-Алма» би дуэтінің өнеріне бірінші жүлдені берді.