Перу мемлекетінде адамзат тарихындағы ең ірі жануардың қаңқасы табылды, деп жазады Egemen.kz.
Табылған жануар кит болып шықты. Осыдан 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген бұл киттің ұзындығы – 20 метр болса, салмағы 340 тоннадан асқан.
«Хабар 24» телеарнасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұған дейін Аргентинадан табылған 76 тонналық динозавр әлемдегі ең ірі жануар ретінде саналып келген.
Перуден табылған кит теңіздің жағаға жақын бөлігінде тіршілік еткен. Ең ірі тіршілік иесінің әзірге бас сүйегі табылмапты. Алайда жамбасы, 12 омыртқасы мен 4 қабырғасы бар.
Палеонтолог Родолфо Салас Гисмондидің айтуынша, киттің жамбасы, омыртқалары мен қабырғаларының өзі зерттеу жұмыстары барысында көп мағлұмат береді.