Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 шілдеде Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің CyberPol қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралдағы жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстады.
Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.
Күдікті Оралдағы полиция басқармасына қарасты уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.