Ақтөбе полицейлері шіркеудегі қайырымдылық қорапшасына ұрлыққа түскен Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
3 тамыз күні сағат 15:00 шамасында М.Мәметова көшесіндегі Әулие-Николай соборының шіркеуінде белгісіз адамдар қайырымдылық қорабын сындырып, 20 мың теңгеге жуық ақша ұрлап кеткені туралы хабарламаға сәйкес дереу оқиға орнына барған полиция қызметкерлері аумақты тексеріп, куәгерлерден жауап алған.
ІІМ-нің ақпаратында: «Тәртіп сақшылары шіркеуде орнатылған бейнекамералардың көмегімен тәулік ішінде күдіктіні ұстады», деп жазылған.
ҚР ҚК 188- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.