• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Байқау 07 Тамыз, 2023

Жас қаламгерлерге арналған сыйлық

389 рет
көрсетілді

Биыл Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан тұңғыш рет жарияланып отырған жас ақындар мен жазушыларға берілетін арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау аяқталды. Әдеби сыйлық 18-35 жас аралығындағы қаламгерлерге арналған. Байқауға барлығы 53 үміткердің құжаты қабылданды. Олардың ішінде «Балалар әдебиеті» – 17, «Драматургия» – 9, «Поэзия – 13» және 14 қатысушы «Проза» аталымдары бойынша өтінім берді.

Қазіргі таңда барлық шығар­ма­лар сараптаманың бірінші кезе­ңінде, яғни әдеби сыйлық­тың сарапшылар комиссиясына ұсынылды. Сарапшылардың қарауына туындылар авторы жасырылып, шифр бойынша таратылды.

Сараптаманың екінші кезеңі тамыз айының екінші жартысына жоспарланып отыр. Әдеби сыйлық негізгі 4 аталым бо­йынша үз­діктерді анықтайды. Әр аталымда жеңімпазға 4 млн теңге сый­ақы және «Арнаулы әдеби сый­лықтың лауреаты» атағы, диплом және төсбелгі беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау жыл соңына жоспарланған.

«Жас қаламгерлердің шығар­машылығын қолдау, ынталандыру және насихаттау аса маңыз­­ды. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған сыйлықты еліміздің рухани ортасы жылы қабылдады. Салыстырмалы тұрғыда басқа аталымдарға қарағанда «Бала­лар әдебиеті» бағытына көбі­­рек шығарма түскені негізгі мақ­сат­тарымыздың біріне қол жет­кізгеніміз деуге болады. Бүгін жас қалам­герлерге жасалған қол­дау, ертең үлкен жазушылардың қалып­тасуына септігін тигізетіні анық», деді МСМ Архив, құжат­тама және кітап ісі комитеті ­Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.