• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Тамыз, 2023

Астанада суға бата жаздаған баланы құтқарған әйел полицей болып шықты

312 рет
көрсетілді

Астанадағы қоғамдық бассейндердің бірінде бала суға бата жаздаған. Оны өлімнен құтқарған әйел адам полиция қызметкері екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Келеңсіз оқиға бейнеленген видео желі қолданушыларының зәресін ұшырды. Суға бата жаздаған баланы құтқарушы қыз шығарды. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызды. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі жақындап, шебер қимылдармен жүрек-өкпе реанимациясын жасап, баланың тынысын қайтарды.

Жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді.

Айта кетсек, алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі - Назым Шәріпова. Ол «Есіл» ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалуға барған. Ол құтқару кезінде балаға зақым келтірмеу үшін ерекше сақтықпен қимылдағанын айтты.