• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Тамыз, 2023

«Астана емес, Венеция». Көшені су басты, кінәлі кім?

641 рет
көрсетілді

Күні кеше ғана Астанада қатты нөсер жауып, қала көшелерін су басқан еді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қаланың нөсерлі кәріз жүйесі істен шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және соның салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін «Elorda eco system» директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды.

«Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Elorda eco system» алдына жер үсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылды: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б», делінген әкімдік хабарламасында.

2023 жылы жер үсті ағын суын бұру үшін 2,5 км магистральдық нөсер кәріз желісін салу жоспарланып отыр. Мәселен, осыған дейін 200-ден астам проблемалы учаскеде су тасқыны мәселесі шешілген болатын.