Тамыз айының 14-20 күндері аралығында Иорданияның астанасы – Амман қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Еркін күрес және грек-рим күресінен еліміздің ұлттық құрама командалары жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еркін күрестен ел намысын қорғайтын балуандарымыз:
57 кг – Мерей Базарбаев (Алматы қаласы)
61 кг – Әбдінұр Нұрланбек (Жамбыл облысы)
65 кг – Санжар Мұхтар (Жамбыл облысы)
70 кг – Егор Анчугин (Алматы қаласы)
74 кг – Ерхан Бексұлтанов (Ақмола облысы)
79 кг – Мағжан Жанырбай (Жетісу облысы)
86 кг – Иманғали Қалдыбек (Түркістан облысы)
92 кг – Ризабек Айтмұхан (Алматы қаласы)
97 кг – Камиль Куруглиев (Маңғыстау облысы)
125 кг – Марлен Құрлысбек (Шымкент қаласы)
Әлемдік додада грек-рим күресі бойынша белдесетін балуандарымыз:
55 кг – Исхар Құрбаев (Алматы облысы)
60 кг – Сайфулла Құрман (Ақтөбе облысы)
63 кг – Дінислам Сағитжан (Ақтөбе облысы)
67 кг – Азиз Гасымов (Ақмола облысы)
72 кг – Елдос Камелов (ШҚО)
77 кг – Олжас Ерғали (Қарағанды облысы)
82 кг – Ислам Евлоев (СҚО)
87 кг – Нұрасыл Аманалы (Астана қаласы)
97 кг – Юсуф Мациев (Қостанай облысы)
130 кг – Джохар Узаров (Шымкент қаласы)
Айта кетсек, белдесуге бірінші болып еркін күрес балуандары шығады. Одан кейінгі кезек әйелдер күресіне келсе, әлем чемпионатын грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.