• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Теннис 14 Тамыз, 2023

Ева Корышева халықаралық жарыста топ жарды

166 рет
көрсетілді

Кейінгі жылдары еліміздің жас теннисшілері халықаралық ірі теннис турнирлерінде үздіктер қатарынан көрініп, жарыс жеңімпазы атанып жүр.

Мәселен, өткен аптада Бельгияның Хассельт қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ең көне «Young Champions Cup» турнирінде 14 жастағы отандасымыз Ева Корышева жарыс жеңімпазы атанды.

Ақтөбе теннис мектебінің тәрбиеленушісі маңыздың турнирдің финалдық бәсекесінде түркиялық теннисші Зумра Балканмен шеберлік байқасып, екі сетте - 6:2, 7:5 есебімен қарсыласынан басым түсті. Сондай-ақ жерлесіміз турнирдің жартылай финалында осы жарыстың 5-ракеткасы ретінде тіркелген польшалық Барбара Кочетканы 6:3, 7:6 есебімен жеңсе, ширек финалда әлемнің 18-ші, осы жарыстың үшінші ракеткасы хорватиялық Анна Петковичті үш сетте 6:4, 4:6, 6:1 есебімен жарыс жолынан ығыстырған.

«Еуропадағы ең беделді турнирлердің бірінде жеңіске жеткеніме әлі де сене алар емеспін. Десе де жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын түсіндім. Бірақ сіз титул туралы ешқашан алдын ала ойламайсыз. Белгілі бір матч, мақсатқа бірте-бірте қадам басып келе жатырмын, бапкеріме және маған сенгендердің барлығына алғыс айтқым келеді», деді Ева Корышева финалдан кейін.