Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448-452 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448–452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 448,9–451,7 теңге аралығында құбылып тұр.
14 тамыз кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 2,63 теңгеге қымбаттап, 448,63 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448,55 теңге, Ресей рублі үшін – 4,42 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,4–4,7 теңге аралығында, Астанада 4,4-4,55 теңге аралығында сатылып жатыр.