Белорусь мемлекетінің Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша, Солигорск қалаларында 10 күн бойы өткен ТМД елдерінің II ойындары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталмыш халықаралық жарыс бойынша Қазақстан спортшыларының нәтижелері:
Дзюдо - 2 күміс, 2 қола. Еркін күрес - 3 күміс, 3 қола. Көркем гимнастика - 1 қола. Жеңіл атлетика - 1 күміс 6 қола. Нысана көздеу - 2 қола. Жүзу - 2 алтын, 5 күміс, 8 қола. Қазіргі бессайыс - 1 күміс, 1 қола. Каратэ - 3 алтын, 1 күміс. Самбо - 2 алтын, 1 күміс, 6 қола. Көгалдағы хоккей - 2 қола. Волейбол - 1 қола.22 елдің командалары қатысқан, 20 спорт түрінен 246 жүлде сарапқа салынған ТМД елдерінің II ойындарына қазақстандық 150 спортшы 14 спорт түрінен қатысып, 7 алтын, 14 күміс, 32 қола, барлығы 53 медальді қаңжығаларына байлап, жалпы есепте 5 орын алды.