Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер және туризм бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына Президенттік стипендия бөлу туралы бұйрық жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биылғы жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты оқу орындарына бөлінген 25 Президенттік стипендияның 24-і бакалаврларға, 1-і магистранттарға арналған.
Жоғары білім беретін оқу орындарының ішінде Президенттік стипендия:
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына – 4; Қазақ ұлттық өнер университетіне – 12; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына – 4; Халықаралық туризм және меймандостық университетіне – 4.Ал магистратураға арналған Президенттік стипендия Қазақ ұлттық өнер университетінің магистратурасына берілген.