РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңартылған ақпаратына сәйкес, Махачкалада жанармай құю бекетінде болған өрт салдарынан 105 адам зардап шекті, оның 30-ы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрліктің 70-тен астам қызметкері Махачкаладағы өрт орнында құрылымдарды бөлшектеп, зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Кинологиялық есептоптар да жұмысқа тартылды. Муниципалитетке келтірілген шығынды бағалауға көмектесу үшін Ресей ТЖМ мамандары мен жергілікті құтқарушылар тобы жұмылдырылды.