Парламент Мәжілісінің депутаты Ирак Елекеев жоғары заң шығару органында тәжірибеден өтіп жүрген Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының студенттерімен семинар өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Депутат алматылық жоғары оқу орнының жастарына қос палаталы Парламенттің жұмысымен қатар, өзінің заң шығару қызметі туралы әңгімеледі. Сұхбатта жемқорлықпен күресу, атап айтқанда, құқық қорғау органдарының жұмысы туралы мәселелер көтерілді. Өзге де проблемалар сөз болды, сұрақтарға жауап берілді.
Семинардың соңында студенттер кездесіп, қызықты әңгіме өткізгені үшін алғыс ретінде депутатқа естелік кәдесый сыйлады.
Семинарға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің студенттері де белсене қатысты.