• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Тамыз, 2023

Биыл қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда 586 медаль жеңіп алды

415 рет
көрсетілді

2023 жылдың басынан бері қазақстандық спортшылар ресми халықаралық турнирлерде 586 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Жазғы спорт түрлері басқармасының жетекшісі Мұхамеджан Бекназаров айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшылар 121 алтын, 111 күміс, 141 қола, барлығы 373 медальге қол жеткізді.  

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен ел қоржынына түскен 118 медальдің 53-і алтын, 38-і күміс, 27-сі қола.  

95 жүлдені қазақстандық параспортшылар жеңіп алғанын айта кету керек. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша біздің құрама қоржыны 33 алтын, 33 күміс және 27 қола медальмен толықты.  

«Біздің спортшылар ел аумағында және шетелде өтетін халықаралық жарыстарда еліміздің атынан лайықты өнер көрсетіп келеді. Осы ретте, бокстан құрама команданың Ташкентте өткен әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық 2-ші орынға ие болғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ Италияда өткен әлем чемпионатында семсерлесуші Руслан Құрбанов Қазақстан тарихында бірінші болып қола медаль иеленді. Сонымен қатар каратэден Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанымызды, мергендеріміздің рейтингтік әлем кубогінің медальдық есебіндегі бірінші орнын үлкен мақтанышпен атап өтуге болады», деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.