• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Тамыз, 2023

19 тамызға арналған ауа райы болжамы

301 рет
көрсетілді

19 тамызда Қазақстанның 14 облысында найзағай ойнап, күн ысиды. Синоптиктердің айтуынша, бұршақ та жауады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

19 тамызда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Жетісу облысының батысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.

19 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-36 градус ыстық болады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19-21 тамызда Қарағанды және Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі болады.

19 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық болады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 19-20 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктердің айтуынша, 19-21 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі болады.

19 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

19 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус қатты ыстық болады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі болады.

19 тамызда Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19-21 тамызда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі болады, ал облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы және Қонаев қалаларында 19-21 тамызда жоғары өрт қаупі болады.

19 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. 19 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі болады.

19 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 19 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

19-21 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді. 19-21 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.