• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Тамыз, 2023

300-ден аса адам қатысқан велошеру

195 рет
көрсетілді

Астанада Спорт күніне орай денешынықтыру саласы қызметкерлері арасында бұқаралық велошеру ұйымдастырылды.

Спорт саласы қызметкерлері таңғы сағат жетіден елорда ір­гесіндегі Қосшы қаласының ай­налма веложолына жиналды. Велошеруге 300-ден аса адам қатысты. Еңсерілуге тиіс қашықтық – 25 км.

Олармен бірге Астана қала­лық әкімдігінің, Мәде­ниет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары, елімізге танымал спортшылар, қалалық спорт басқармасына қарасты мекеме басшылары, спорт ардагерлері «Үркер» елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағына дейін жалғас­қан қашықтықты жүріп өтті.

Айта кетейік, іс-шара бары­сында спорт саласының қызмет­керлеріне Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың, қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің Алғысхаттары, «Үздік спорт қызметкері», «Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілері табысталды.

Сондай-ақ биыл маусым айын­да Грузияның Батуми қала­сында шахматтан өткен әлем чем­пиона­тында топ жарып, 12 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Айару Алтынбекке велосипед сыйға тартылды.