• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Тамыз, 2023

Ақмола облысында дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау семинары өтті

253 рет
көрсетілді

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Ақмола облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Дін істері комитетінің қолдауымен 2023 жылдың 17-18 тамызында Көкшетау қаласында Ақмола облысы бойынша дін мәселелері аясында білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығы» КММ, «Ақниет» ҚҚ мамандары, психологтары мен теологтары, жергілікті АТТ мүшелері қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын, «Әлеуметтану» ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы, педагогика және психология маманы Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы және нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы семинар өткізді.

Аманбек Толқын «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыбымен қатысушыларға адам бойындағы жасқаншақтықты жою, дауыстың ырғағы, тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, екпінді дұрыс қою, дұрыс тыныс алу маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Дикцияны жақсартуға арналған құралдар» тақырыбы аясында ораторлық шеберлікті дамытуға бағытталғын арнайы жаттығулар мен әдістерді көрсетіп, тренинг өткізді.

Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылытың негізі ретінде» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі мәселелер мен тендициялар» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы «Методологические основы работы с детьми приверженцами деструктивных религиозных организации и их родителями» тақырыбы аясында қатысушыларға деструктивті діни ағым жетегінде кеткен отбасылармен әңгіме жүргізу, байланыс орнату және өзін-өзі ұстау жолдарын түсіндірді. Оның үстіне, «Идейное противодействие экстремизму в контексте ресоциализации осужденных за экстремисткие и террористические преступления» тақырыбымен жазасын өтеушілердің арасында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жүргізу, психологиялық бейнесін анықтау және жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері туралы сөз қозғады.  

Сейтқали Мирзада Шахманұлы «Болезни ЭГО и пути их излечения» тақырыбында кездесіп, мамандардарды психологиялық денсаулықты ұстап, психикалық этикалық принциптерге сүйене отырып жұмыс жасау әдістерін түсіндірді.  Келесі кезекте «Влияние детских травм на жизнедеятельность личности» тақырыбында семинар оқып, терроризм мен экстремизмді туғызатын психологиялық аспектер, оған ілінетін адамдардың сипаттамасы, және психологиялық түп-тамырын анықтау әдістерін атап өтті. Дәріскер қатысушыларға адамдармен жұмыс жасау кезінде стресс мөлшерін жеңілдетуге бағытталғын тренинг өткізді.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.