Қарағанды облысының әкімдігі Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан» шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Шахтер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар тоқтатылады», делінген хабарламада.
17 тамызда Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың «Қазақстан» шахтасының конвейерлік лентасы өртенді. 222 кенші жер бетіне шығарылды. Бесеуі қаза тапты.
ТЖМ басшысы «Қазақстан» шахтасындағы өртті сөндіру неге ұзаққа созылғанын түсіндірді
ҚР ҚК-ның 277-бабы, 2-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.