• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Тамыз, 2023

Каспий теңізінде 5,9 балдық жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 03:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 2213 шақырым жерде, Каспий теңізінің акваторийінде орналасқан.

Тербелістің энергетикалық санаты – 12.3. MPV магнитудасы – 5.9. Тереңдігі – 5 км. Эпицентр координаттары - 40.37° с.е. 50.86° ш.б.

MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар