• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Тамыз, 2023

Сырдария өзеніне батып кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды

554 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Отырар ауданының Көксарай елді мекені маңайында Сырдария өзенінің суына батып кеткен 10-ыншы адамның мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін сағат 10:40 шамасында құтқарушылар кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйітін судан алып шыққан. 

Айта кетейік, суға батқан 11 адамның 10-ы табылып отыр. Енді тағы бір кәмелетке толмаған жасөспірімді, яғни, суға батып кеткен 11-інші адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.

Еске салсақ, бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталғаны мәлім.