Польшаның бас шаһары Варшавада (21–24 тамыз) грепплингтен жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қарағандылықтар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасына Қарағанды облысының үш өкілі енген екен, үшеуі де финалға дейін жетіп, үздік нәтижелер көрсеткен. Жанұзақ Айтбаев пен Александр Ивашкин алтыннан алқа тақса, Мейірбек Есқазиев күміс жүлдені еншіледі.
Жанұзақ Айтбаев екінші рет әлем чемпионы атанып отыр, ол былтырғы жылы Испанияда дәл осындай атақты жеңіп алған еді.
Ал Александр Ивашкин, Мейірбек Есқазиевтер әлем чемпионатына осы жолы алғаш рет қатысқан екен.
Грепплинг чемпионатына әлемнің 21 елінен 804 спортшы қатысты.