Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен, теологтармен мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында еліміздегі қазіргі діни ахуал, конфессияаралық келісімді нығайту бойынша алдағы шараларды қабылдау, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді шешу жолдары қарастырылды.
Жиын қорытындысы бойынша Т. Дүйсенова мемлекеттік органдарға барлық ұсыныстарды қарауды және оларды жұмыс барысында қолдануды тапсырды.