• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Тамыз, 2023

28 тамызға арналған ауа райы болжамы

214 рет
көрсетілді

Синоптиктер бүгін өңірлерде ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі. Бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар. 

Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.