• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Тамыз, 2023

Ата Заңды жатқа білетін жастар

913 рет
көрсетілді

Адам құқығының кепілі – ел Конституциясы. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жыл сайын ақылы бөлімде оқитын студенттер ара­сын­да «Конституцияны жатқа білемін!» деп аталатын байқау өткізіп ке­ле­ді.

Университет ректоры Сала­мат Идрисовтің айтуынша, бай­қаудың мақсаты – студенттер арасында Ата Заңды ұлықтап, жастардың құқықтық сауатын арттыру. Биыл байқауға қатысуға әр мамандықта оқитын 250 студент ниет білдіріпті.

«Бай­қауға қатысу­шы­­­лар­­­ ал­ғаш­қы­ ке­зеңде ­Конс­­титуцияның ереже­ле­рін білу деңгейін анықтау үшін 25 сұраққа жауап берді. Ал екінші кезеңге өткендерге Ата Заңның бар­­лық бабын жатқа айту талабы қо­йыл­ды», дейді Саламат Идрисов.

Студенттер сайысына Атырау қалалық сотының, прокуратура мен жеке сот орындаушылардың өкілі, университеттің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары қазылық етті. Байқау қорытындысымен үш студент қатарластарынан озып шықты.

Мәселен, үшінші орынды иеленген экология мамандығының сту­ден­ті Ботакөз Интимаховаға бір­жылдық оқу ақысына 30 па­йыз жеңіл­дік берілді. Ал екінші орынға ие бол­ған қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Медина Әбдеш оқу ақысының 50 пайызын жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік алып отыр. Ата Заңның барлық бабын жатқа білетін азаматтық-құқықтық пән­дер ка­федрасының студенті Жәңгір Темірханов бірінші жүлдені еншіледі. Енді ол университетте бір жыл тегін оқиды.

 

Атырау облысы