Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Республикалық комиссия шешімімен 172 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Олардың ішінде 138 стипендиат магистратурада, 8 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 отандасымыз әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.
Стипендиаттардың 60 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытында, ал қалған 40 пайызы қоғамдық-гуманитарлық сала бойынша білім алады.
Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.