Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев дзюдодан әлем чемпионы атанған Нұрлан Исатаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өзіңдей жастар - ел мақтанышы. Сен тек облыс атын ғана ұлықтамай, қазақ елін әлемге танытасың. Біз сені мақтан етеміз», деді Нариман Төреғалиев.
Кездесу барысында облыс әкімі жас чемпионға пәтер кілтін табыс етті.
Әлем чемпионы атанған Нұрлан Исатаев Қазақстан құрамасында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 23-27 тамыз аралығында өткен бұл біріншілікке әлемнің 64 елінен 570-тен астам спортшы қатысты. Өз тобында бірінші орын алған Нұрлан жартылай финалда отандасы Оралбек Байзақпен кездессе, финалда грузиялық Мераби Самадашвилимен белдесті.
Айта кетсек, Нұрлан Исатаевтың жаттықтырушысы Алтынбек Сұпығалиевке бір миллин теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.