• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 01 Қыркүйек, 2023

Алматылық шенеуніктер 18 млн теңгеге сыйлық сатып алмақ болған

206 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 18,4 миллион теңгеге сатып алғысы келген сыйлық жиынтығына қатысты тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

- «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі көрсеткендей, осыған ұқсас жиынтықтардың орташа құны небәрі 3 500 теңге, яғни баға 525 373%-ға артық көрсетілген, - делінген ведомство хабарламасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы тексеріс жүргізгеннен кейін басшылық сатып алу жоспарын нарықтық бағаға сәйкестендірді. Осылайша, 18,4 миллион теңгенің ұтымсыз жұмсалуының жолы кесілді.

«Жыл басынан бері Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  тарапынан өңірдің мемлекеттік органдарының сатып алу порталының мониторингі шеңберінде 800 млн.теңгені мақсатсыз пайдалануға жол берілмеді», деп қосты ведомство өкілдері.