• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2023

Қостанайдағы мектепке Алаш қайраткері Ахмет Бірімжановтың есімі берілді

203 рет
көрсетілді

Жағымды жаңалықты бүгін аталған білім ордасында өткен алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев айтты.

«Биыл 115-ші мектепке Алаш қайраткері, қазақтан шыққан алғашқы заңгер, ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде саяси-құқықтық ой-пікірдің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткері Ахмет Бірімжановтың есімі берілгелі отыр. Болашақта Ахметтей аталарыңның атына сай, елшіл, адал, білімді азамат болып қалыптасуларыңа тілектеспін!», деді Ринат Зәкиұлы.

Аталған білім ошағы бұрын таза орыс мектебі болған. Кейін аралас мектепке ауыстырылып, бірте-бірте орыс сыныптары азайтыла бастады. Былтырдан бері толыққанды қазақ мектебіне айналды. Болашақ Бірімжанов мектебінде 480-ге жуық шәкірт оқиды. Өткен жылы 2 бірінші сынып болған екен, биылғы оқу жылы бірінші сыныптардың саны үшеуге жетті.  

Алғашқы қоңыраудан кейін мектеп қабырғасын тұңғыш аттаған балдырғандар «Мектебім – мейірім мекені» атты бірыңғай сынып сағатына қатысты.

Соңғы жаңалықтар