Қазақстан синоптиктері 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елбойынша күн күркіреп, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, әлсін-әлсін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +16+18°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +25+27°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.