Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов WhatsApp мессенджеріндегі нөмірін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің жеке құрамына арналған телефон нөміріне хабарлама жіберуші адам өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекенін, лауазымын да жазуы керек.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
WhatsApp месенджері арқылы министрмен тікелей байланыс бүгіннен бастап іске қосылады.