Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету туралы заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыруға және мерзімін қысқартуға бағытталған.
«Келісім өткізу пункттерінде шекараны кесіп өтудің тәртібін, кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту мақсатында кедендік ресімдеуді жеңілдетуді, салаларда құқық бұзушылық белгілері болған жағдайларды қоспағанда, өткізу пункттерінде кедендік тексеруден босатуды көздейді», делінген хабарламада.
Комитет отырысында сенаторлар Келісімді ратификациялау кедендік рәсімдерді оңайлатуға және оңтайландыруға, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін айтты. Бұл өз кезегінде жүк тасымалдаушылар үшін ыңғайлы болмақ.