• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2023

Қостанай облысында құны 100 миллион теңгеден асатын есірткі партиясы тәркіленді

184 рет
көрсетілді

Қостанай облысының полицейлері құны 100 миллион теңгеден асатын синтетикалық есірткі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында екі күдіктіні қамауға алған.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметовтың айтуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында жалдамалы пәтерде облыс орталығының 21 және 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Пәтерді тінту кезінде полиция қызметкерлері төрт келіден астам А-PVP есірткісін тәркіледі. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 шағын-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.

«Қара нарықта аса ірі мөлшерде алынған синтетикалық есірткі партиясының құны шамамен 100 млн теңгені құрайды. Бұл партияда – 15 мыңнан астам доза бар. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы аясында қылмыс жасаған адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі», делінген  Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.