Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.