• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 05 Қыркүйек, 2023

Нарықта доллар бағасы өсті

267 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,58 теңгеге қымбаттап, 459,97 теңге болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,89 теңгеге (-0,11) түсті.

Ұлттық банк еуро бағамын 495,09 теңге, рубль бағамын 4,74 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 459,5 - 462,5 теңге, еуро – 495,5 - 499,5 теңге, ресей рублі – 4,67 - 4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Сондай-ақ бүгінгі саудада әлемдік мұнай бағасы біршама арзандады.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстерінің құны 0,90%-ға арзандап, барреліне 88,20 доллар болды.

  NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,44%-ға арзандап, барреліне 85,17 долларды құрады.