• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қыркүйек, 2023

Үндістан атауы өзгереді

347 рет
көрсетілді

Үндістан билігі мемлекет атауын «Бхарат» деп өзгертуді жоспарлап отыр. Үнді үкіметі елдің тарихи атауын қайтармақ ниетте.

Тіпті Парламенттің ар­найы сессиясына тиіс­ті қарар дайындады. Ел Конс­­титуциясының 1-ба­бына Бхарат атауы енгізі­леді деп Үндістан ұлттық кон­гресінің басшысы Джайрам Рамеш әлеуметтік желіде жариялады.

«Кезінде британдықтар Бхарат атауын Үндістанға ауыстырып еді. Біздің ел мыңдаған жыл бойы Бхарат атауымен та­нылған. Ал Үндістан атауы отаршыл­дық­тың символы іспеттес, сон­дық­тан Үн­дістан деген сөз ел Консти­ту­ция­сынан алынып тасталуы керек», дейді үкіметтегілер.

G20 саммитінің ресми ке­шіне шақыру қағазына Бхарат Прези­дентінің атынан қол қойылғанын да айта кеткен жөн. Үндістан халқы хинди тілінде өз елін «Бха­рат» деп атайды, бұл ресми құжаттарда көрсетілген. Ел атауын өзгерту туралы шешім 18-22 қыркүйек аралығында өтетін Парламенттің арнайы сессиясында қабыл­дануы мүмкін.