• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Пікір 07 Қыркүйек, 2023

Ертеңге деген үмітті оятты

200 рет
көрсетілді

Жыл сайын Сырдария арнасының арнасы төмендей беруі дүйім жұртты ойландырып жүрген мәселенің бастысы еді. Бұл әсіресе, аграрлық өңір саналатын Сыр бойы диқандарының арқасын аяздай қарып келді десек, ақиқаттың ауылынан алыстай қоймаспыз.

Шаруалардың қатысуымен бұл кәсіпкерлер палатасында талай мәрте талқыға да түсті. Осы мәселемен айналысатын арнайы министрліктің құрылатындығы егінші жұрттың ертеңге деген үмітін оятып отыр. Бұл бір жағынан Президент айтқан агроөнеркәсіп ке­шенінің әлеуетін толық қолдануға да сеп болар еді. Қызылорда өңірінің мүмкіндігі оған толық жетеді. Биылдан қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы да елдің еңсесін тіктей түсері сөзсіз.

Сонымен қатар салық саяса­тын­да­ғы жазалау емес, ескерту керек деген ұстаным, мемлекеттің отандық өнім өндірушілерді қолдауды жүйелі жал­ғастыруы, шағын және орта кә­сіп­керлікті қолдайтын кешенді бағ­дарлама әзірленетіндігі Әділетті Қа­зақ­станның жаңа экономикалық бағ­дарының болашағына сендіреді.

 

Пірмұхаммед СЫЗДЫҚОВ,

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының директоры