• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Қыркүйек, 2023

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы

189 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Сма­йылов Үкіметтің халық­аралық қар­жы ұйымдарымен ынты­мақтас­ты­ғы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезек­ті отырысын өткізді.

Іс-шараға Дүниежүзілік банк, Еуропа­лық қайта құру және даму банкінің өкіл­дері, орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан теміржолы» ұлттық ком­паниясы және «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қорының басшылары қатысты.

Отырыста Алматы, Жамбыл, Қызыл­ор­да және Түркістан облыстарында жалпы ауданы 105 мың гектардан асатын иррига­циялық және дренаждық жүйе­лерді салу мен реконструкциялау, сондай-ақ 1 500 ауылдық елді мекенді жылдам интернетке қосудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл шамамен 200 мың үй шаруашылығын немесе 1 млн-нан аса адамды қамтиды.

Сонымен қатар өңірдің көлік байланысын жақсартуға, логистикалық қызметтер мен сауда-саттықты дамытуды ынталандыруға мүмкіндік бере­тін «Қарағанды – Жезқазған» автожолын реконструкциялау, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жаңа кәріз-тазарту ғима­раттарын салу жоспарлары қаралды.

Одан бөлек, қатысушылар бірқа­тар теміржолды жаңғырту, жаңа жолаушылар вагондары мен электровоздарды сатып алу мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар­дың бірінші басшыларына халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылатын қаражат­тың уақтылы және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.