• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қыркүйек, 2023

«Қазақстан халқына» қоры 818 түлекке грант берді

275 рет
көрсетілді

«Қазақстан халқына» қоры білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады. Тізімді қордың сайтынан көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім гранттары талапкерлерге бағдарламаның мынадай критерийлері бойынша берілді:

ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан - 197 талапкер немесе 24,1%; жетім немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 177 талапкер немесе 21,6%; мүгедектігі бар - 181 талапкер немесе 22,1%; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан - 261 талапкер немесе 31,8%; 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған ҚР азаматтарының балалары - 2 талапкер; 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде жараланған балалар - 1 талапкер.