• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Қыркүйек, 2023

Елордада үш мыңнан астам жарнамалық маңдайша алынып тасталды

320 рет
көрсетілді

Астананың сырт келбетін бірыңғай дизайн-кодқа сәйкестендіру жұмысы жалғасып жатыр. Жыл басынан бері барлық ауданда ғимараттардың қасбетінен үш мыңнан астам жарнамалық билборд, маңдайша мен дөңгелекті жарнамалар алынып тасталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, биыл тамыз айында қалада 636 жарнамалық элемент анықталған. Үш мыңнан астам маңдайша мен сыртқы жарнама элементі бөлшектелген.

«Ғимараттардың қасбетінен сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады. Мұндай өзгерістер қаланың көркін арттыра түседі. Бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және бөлшектеу бойынша көшпелі іс-шаралар өткізіп жатыр. Кәсіпкерлерге тиісті түсіндіру жұмысы жүргізіледі, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі», делінген әкімдік таратқан ақпаратта.