Мемлекет басшысы Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша еліміздің және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын», делінген жеделхатта.