• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Президент 10 Қыркүйек, 2023

Мемлекет басшысы Максимнің соққан голына мақтау айтты

160 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан ұлттық құраманы Еуропа чемпионатына іріктеу  туры аясындағы кезекті жеңісімен құттықтау барысында  матчта  гол соққан Максим Самородовқа алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы ойынның 27-минутында есеп ашқан «Ақтөбе» клубының  һәм  ұлттық құрама шабуылшысы Максим Самородовтың голы еншімізге үш ұпай жазды. «Тамаша гол соқтың, ұнады» деді Мемлекет басшысы футболшының қолын алып.

Сонымен қатар Президент жеңіске мастанып босаңсуға болмайтынын да ескертті. «Қазір  қуанышты кеш, бірақ ертең жаттығу» деді футболшыларды жігерлендіріп.