Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 3 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Түркия Президентінің Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне сапары 3 қарашаға жоспарланған. Біз оны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге келістік», деді Мұрат Нұртілеу Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесу барысында.
Айта кетейік, Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы мерейтойлық саммиті өтеді.