• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 11 Қыркүйек, 2023

Елордада құсбегіліктен халықаралық турнир өтеді

269 рет
көрсетілді

Астана қаласы маңындағы Софиевка ауылында 12-13 қыркүйек күндері құсбегіліктен барлық жастағы спортшылар арасында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық турнир өтеді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Қытай, Моңғолия, Қырғызстан мемлекеттерінен сонымен қатар, Қазақстанның 15 облысы мен 4 қаласынан спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Атаулы халықаралық турнир биыл 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа әлем чемпионатының жеңімпазы Серікболсын Жалғасұлы, Азия чемпионатының жеңімпазы Арман Қошқаров сынды спортшылар қатысып, бақ сынайды.