• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Ғылым 12 Қыркүйек, 2023

Долли қойын клондаған ғалым Йен Уилмут қайтыс болды

370 рет
көрсетілді

Алғашқы сүтқоректі Долли қойын клондаған шотланд ғалымы Йен Уилмут 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News арнасына сілтеме жасап.

Ғалымның қайтыс болғаны туралы әріптестері хабарлады.

«Профессор Йен Уилмуттың қайтыс болғаны туралы хабарды естіп, қатты қайғырдық. Ол Долли қойын ересек жасушадан клондаған ғалым еді. Йен Уилмут сол кездегі ғылымға жаңаша көзқарас әкелді. Бұл жаңалық регенеративті медицина саласындағы өзгерістерге әлі күнге дейін өз септігін тигізіп келеді», деді ғалымның әріптестері.

Айта кетейік, Доллиді «дүниеге әкелу» үшін донор-қойдың желінен алынған ядролар 277 аналық жасушаға тасымалданды. Олардан кейін 29 эмбрион пайда болып, тек біреуі, яғни Долли ғана аман қалған. Осы жасушадан анасына айна-қатесіз ұқсаған жаңа ағза пайда болды. Осы әдіспен «туған» қойды инженерлер Долли деп атады. Осылайша ол – клондау әдісімен пайда болған алғашқы сүтқоректі болды.

Бұдан соң Йен Уилмут клондау әдісі арқылы жер бетіндегі тіршілік иелерінің жойылып кетпейтініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Йен Уилмут 2012 жылы Эдинбург университетіндегі қызметінен кеткен. Алты жылдан кейін оған «Паркинсон ауруы» диагнозы қойылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар