• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Қыркүйек, 2023

Қазақ балуандары Бішкектегі әлем чемпионатында көш бастады

391 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Бішкек қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында еркін күрестен әлем чемпионаты аяқталды. Әлемдік дода ерлер, жастар және кадеттер арасында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

 

Қазақстанның еркін күрес балуандары әлем чемпионатынан 6 алтын, 10 күміс, 4 қола медаль олжалады. Ересектердің белдесуінде  70 келі салмақта Шадияр Пернеш әлем чемпионы атанды. Нұрмахан Бөкеев (57 келі), Жақсылық Досымжан (65 келі), Шыңғысхан Әлдібаев (86 келі), Хайратхаан Шонку (125 келі)  финалдық белдесуде сүрініп, күміс медаль алса, Ғасыр Тұрғынбай (74 келі), Сабыржан Рсалы (79 келі) қола  жүлдені қанағат тұтты.

Жастар арасында күреске түскен балуандарымыз да олжалы болды. Андрей Самарин 65 келіде әлем чемпионатының алтын медалін олжалады. Нұрхан Молдағали (57 келі), Кәміл Оразбаев (70 келі), Рамазан Әзи (86 келі), Ескендір Жанғабылов (74 келі) күміс медаль, Райымбек Амангелді (79 келі) мен Константин Бородин (97 келі) қола жүлде иеленді.  

Отандастарымыз кадеттер арасында да жалпыкомандалық есепте көш бастап, 4 алтын, 2 күміс медальмен оралды. Жасөспірімдер арасынан алты бірдей балуанымыз финалдық белдесуге түсті. Дарын Асқар (48 келі), Рүстем Қамиден (51 келі),  Елдар Салқынбек (55 келі), Нышанбек Мырзахмет (60 келі) әлем чемпионы атанды. Дулат Шолпанбай (65 келі) және Айқын Жылқышыбай (71 келі) күміспен күптелді.

Есту қабілетіне зақым келген спортшылар арасындағы әлем чемпионатына 16 мемлекеттен 300-ден аса балуан қатысты.