• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Шахмат 13 Қыркүйек, 2023

Шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері елге оралды

257 рет
көрсетілді

Елорда әуежайына Қазақстанның шахматшы қыздары мінген ұшақ қонды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел тәуелсіздігінің тарихында тұңғыш рет шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегерін Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, басқармаға қарасты Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы және №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшылықтары күтіп алды. Сондай-ақ шахматшы қыздардың ата-аналары, жақындары мен достары да болды.

«Бар күшімізді салдық. Жарыс өте тартысы өтті. Бірінші орынға таластық, алайда Грузия құрамасына жол беріп күміс жүлдегер атандық. Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатында екінші орынға ие болдық. Өте қуаныштымыз. Қазақ елі қуанды деп ойлаймын, өзімізде де қатты қуанып тұрмыз», дейді әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әмина Қайырбекова.

Айта кету керек, финалда қазақ қыздары Грузия құрамасына жол берді. Ақтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова Әсел Серікбай және қос астаналық шахматшы – Меруерт Камалиденова мен Әмина Қайырбекова өнер көрсетті.

Ал қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларынан айласын асырды.

Еске салсақ, шахматтан 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты Польшаның Быдгощ қаласында өтті. Онда 12 команда бақ сынады. Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бірақ Қазақстан бұған дейін ширек финалдан әрі асып көрген емес.