Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты бірлесіп, елордадағы тұрғын үй өрті кезінде адамдарды құтқарған Асқар Забикулиннің құрметіне мурал салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушының бейнесі қай тұрғын үйге салынатыны нақтыланды. Муралды Астанадағы Н.Тілендиев даңғылы, 16 мекенжайындағы қасбетке салу туралы шешім қабылданған. Қазіргі уақытта бұл мәселе аталған мекенжайдағы үйдің тұрғындарымен келісу сатысында тұр.