Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы деген атағы бар Сауль Канело Альваресті (59-2-2, 39 КО) жекпе-жекке шақыратынын, бірақ мексикалық боксшы сырғақтап жүргенін байқағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ES News арнасына берген сұхбатында Жәнібек Канелоның сырғақтауын қашудың амалы екенін мәлімдеді.
«Қорықаннан кейін түрлі сылтауды сөз етіп жүр. Ол жекпе-жекке шығуға келісім беріп, рингте тоқайлассақ мен оны 1-раундта-ақ сұлатамын. Қазақ боксының стилін әлем алдында паш етіп, тарихта қалдыруға күш салып келеміз, біз соған жетеміз. Сауль Альвареске айтарым, қашқақтамай жекпе-жек өткізуге келісім берсін, біздің бокстың дәмін көрсін», деді Жәнібек Әлімханұлы.