• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2010

ӘЛЕМДІК ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ АЛМАТЫНЫ ДУМАНҒА БӨЛЕДІ

537 рет
көрсетілді

Алматыны бес күн бойы опера мен балеттің жауһарларымен ду­ман­ға бөлеген халықаралық фестиваль ең соңында үлкен концертпен аяқ­талды. Классикалық өнердің дарабоздары “Аққу көлі”, “Жизель” балеттерінде жарқырап, “Қарғаның мәткесі”, “Богема” опера­ларында сайрады. Абай атындағы мемлекеттік ака­демиялық опера және балет театры “JTІ Kazakhstan” компа­ния­сымен бірігіп ұйымдастырған XV қазақстандық халықаралық фес­тиваль бекзат өнердің өрлеуіне өл­шеусіз үлес қосып жүрген әлем­дік опера және балеттің жарық жұл­дыздарының өнерін жұртшы­лыққа ұсынды. Осылайша Абай атындағы мем­лекеттік опера және балет теат­ры осындай фестивальдарды өт­кізу дәстүрін жаңғыртып, жы­лы­­на 4 рет өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстанға осы фестиваль дең­гейдегідей опера-балет жұл­дыз­дары келгенде, еліміз үшін үш мә­селе шешіледі. Біріншіден, бұл жергілікті әртістер үшін үлкен ше­­берлік дәрістері, екіншіден, бұл зал толы көрермен мен өнер май­талман­­да­рының сахналық қарым-қатынасы. Өйткені, әртіс үшін сахна машық­танып, өнерін паш етуге мүмкіндік бе­ре­тін жалғыз мек­теп. Үш­ін­шіден, біздің тың­­дар­мандар айтулы жұл­дыздарды өз саң­лақ­та­рымызбен са­лыс­ты­рып, Қазақстанда да үлкен өнер әле­уе­ті­нің, ба­ға­лауға тұ­рар­лық май­тал­ман­дар­дың бар еке­нін тү­сіне ала­ды” дейді өнер­та­нушылар. Қысқасы, 5 күн бойы Алматы көрер­мендеріне әлем­дік өнер жау­һар­ла­рымен, опера мен балет­тің әлем­ге аты мәшһүр жұлдыздарымен қа­уы­шу мүмкіндігі ту­ды. Италь­ян­дық ком­по­зитор Пьер-Доми­ник Поннель, ре­сей­­лік ди­­рижер Андрей Ани­ханов, Ре­сейдің Үлкен теат­рының при­­­масы Анна Ан­тоничева, Санкт-Петер­бургтегі Мария теат­ры­ның балет солис­тері Александр Волчков пен балерина Анатасия Во­­лочкова, әлемдік опера жұл­­дызы Нет­­та Ор, Санкт-Петер­бургтегі Мария теат­рының бари­то­ны Виктор Чер­номырцев, Укра­ин­а­­ ұлттық опера театрының сопраносы Та­тья­­на Анисимова өнер көрсетіп қа­на қоймай, журналистерге тамаша сұхбаттар беруге де үлгеріп жатты. Айнаш ЕСАЛИ, АЛМАТЫ.